Табиғаты ерекше жаратылған
Бұл бетте «Табиғаты ерекше жаратылған» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табиғаты ерекше жаратылған,
Ат жалынан қазақпын ала туған.
Найзағайдай жалғанды осып өткен,
Махамбетпін, ақынмын – дара тұлғам.
Шабыт келсе маздатып жалынымды,
Хан алдында жимаймын айылымды.
Бауыржанмын – дұшпанның мысын басқан,
Дос – жаранға мырзамын, қайырымды.
Асан қайғы, Абаймын ой үстінде,
Мен еркекпін – ырзығы жол үстінде.
Нәзік жыныс меселін қайтармаған,
Ақан сері, Біржанмын той үстінде.
Қарақұстың қаптаған жаласынан,
Мен Қайратпын мертіккен – бала қырын.
Мұқағали аңсаған періштедей,
Сәби болып қайтадан жаңа туам.
Бересімді көп пішсе аласымнан,
Тағдырыммен аулақпын таласудан.
Ана тілді, киелі Ата жұртты,
Қорғап өтем жаулардан аласұрған!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі