Жаз бойы тұрған сызылып
Бұл бетте «Жаз бойы тұрған сызылып» атты Ахат Кендебай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жаз бойы тұрған сызылып,
Жүрген ем оған қызығып.
Күз келіп аппақ қайыңнан,
Жапырақ жатыр үзіліп.
Жүрегім тулап қызынып,
Көңілдің шырқы бұзылып,
Опасыз мына жалғаннан,
Іздейді көнбей бір ілік.
Қасқайған қара емендер,
Жел өтін бөгеп демеңдер.
Көктемде көктеп қайтадан,
Жазылсын сырлы өлеңдер.
Желіктің қиын тарқауы,
Сұлулық жырдың арқауы.
Сезімге құштар жүректің,
Мүмкін бе, ерте шаршауы?..
Қақаған қысқа төзімді,
Шыршаға салшы көзіңді.
Жап-жасыл істік қылқандар,
Оятар ма екен сезімді?..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі