Бағым ба, әлде сорым ба?
Бұл бетте «Бағым ба, әлде сорым ба?» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бағым ба, әлде сорым ба?..
Музаның жүрмін соңында.
Шарықтап шабыт – шағала,
Ұшып жүр тұрмай қолымда.
Ақ шаршы көңіл жаюлы,
Сезімнің сері жолында.
Бойдағы ыстық қанымды,
Тамызық еттім жанымды.
Бір соның тыңдап әмірін,
Қарыштап жүрмін барымды.
Жалғанда жалғыз тілегім,
Сындыра көрме сағымды.
Жағасы тұнған құраққа,
Ат басын бұрдым бұлаққа.
Таптауға қимай шалғынды,
Түспедім аттан бірақ та.
Ындыны кепкен қаталап,
Жүрегім менің тұзақта.
Қиялдың мініп кемесін,
Толқынның сөктім көбесін.
Тау-тасты кезіп таппастан,
Түсіме енді елесің.
Гүл болып кіріп қырмызы,
Жыр болып маржан төгесін.
Бағым ба, әлде сорым ба?..
Музаның жүрмін соңында.
Шарықтап шабыт-шағала,
Ұшып жүр тұрмай қолымда.
Ақ шаршы көңіл жаюлы,
Сезімнің сері жолында.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі