Ақылдың кернеп арнасын
Бұл бетте «Ақылдың кернеп арнасын» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақылдың кернеп арнасын,
Сел болып сезім тасиды.
Толқыннан іздеп жолдасын,
Теңізге барып бас иді.
Айдында тыным таппастан,
Ұшады көңіл – шағала.
Жұмаққа есік қақпастан,
Түндіктен кірмек бола ма?..
Жалғыздық жайлап жүрегін,
Жанына жалау іздейді.
Бір жанның тілеп тілеуін,
Үкілеп үміт үзбейді.
Торға кеп түскен кептердей,
Шарасыз күйге енеді.
Құшағын ашса жек көрмей,
Ұмтылып сала береді.
Бас имей тағдыр ісіне,
Сүйетін жандар бар екен.
Ғашық боп қалған кісіге,
Ғаламшар неге тар екен?..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі