Кең дүние тарылып
Бұл бетте «Кең дүние тарылып» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең дүние тарылып,
Кетті ме заман қағынып?
Жартасқа әкеп соғам ба?..
Көрмеген басты жағынып.
Жылан мен қыран арбасқан,
Жаңғырық шықса жартастан.
Алатау саған жете ме?..
Ғасырларменен сырласқан.
Құндылық мәні өзгеріп,
Кеткенін қалай сезбедік?..
Ақынға тимей мінбері,
Әкімге жатыр сөз беріп.
Басқара алмай байыпты,
Құрдымға салса қайықты.
Есерге ескек ұстатқан,
Қоғамның өзі айыпты.
P.S. Бір жарым миллиард халықты,
Асырап өркен жайыпты.
Қытайлар бүкіл әлемді,
Мылтықсыз жаулап алыпты.
Себебі, ұлықтарына
Ақындық сезім дарыпты.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі