Муза

Бұл бетте «Муза» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңілдің сілкіп кірбіңін,
Гүл болып енсең түсіме.
Жұмақтың түріп түндігін,
Жыр болып енем ішіне.

Қыз болып келсең қылықты,
Көктемнің шашып шуағын.
Берместен күзге ырықты,
Пейіштің жағам шырағын.

Пырақ боп кірсең қанатты,
Ер-тоқым зерлеп саламын.
Асынып қару-жарақты,
Дозақты барып шабамын.

Жаратқан Алла жар болса,
Жәннатқа үкі тағамын.
Шынайы өмір бар болса,
Өзім де сонда қаламын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері