Тұп-тұнық болып басталып

Бұл бетте «Тұп-тұнық болып басталып» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұп-тұнық болып басталып,
Табанында тас қалып,
Арнасын шайып өзендер,
Ағады екен ластанып.

Шыр етіп келіп жалғанға,
Құлашты сермеп арманға,
Тағдырмен жаға жыртысып,
Көнесің басқа салғанға.

Періште болып туылып,
Әпшісін уақыт қуырып,
Пенде боп адам өледі,
Бір күні жүні жығылып.

Қалдырған ұрпақ артыңа,
Астарлы сөзің халқыңа,
Жақсы мен жаман істерің,
Өлген соң түсер талқыға...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері