Інілік  базына

Бұл бетте «Інілік  базына» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Профессор Т.Рысымбетовке)

Арқасында дарынның,
Елге ерте танылдың.
Ойы терең болғанмен,
Қолы қысқа ғалымның.

Көп түйінін жалғанның,
Шешпек болып қамдандың.
Әкімдікке ұмтылмай,
Ғалым болып алдандың.

Коммунисттік нанымның,
Жетегінде жаңылдың.
Төрт-бесеуін алмастан,
Бір жеңгеме таңылдың.

Кейбіреуге қарынның,
Мәселесі қалың мұң.
Аға, қалай жетпіс жыл,
Құлы болдың арыңның?..

Енді мына жалғанда,
Құлқыныңа алданба.
Әлі сені тың ойлар,
Жетелесін арманға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері