Қайыршының зары
Бұл бетте «Қайыршының зары» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талшығы біткен маңайда,
Нәпаха іздер қалай да.
Иманнан безген қоғамда,
Қайыршы болу оңай ма?
Қан жүктеп жүріп мойнына,
Қанқұйлы құлқын тойды ма?
Мырзалар текті қайда жүр,
Көздерін түгел жойды ма?
«Ғұлама, өңшең кемеңгер»,-
Ақысын жұрттың жегендер.
Қай жаққа барсаң дайын тұр,
Қазаққа қазған терең көр.
Ауылдан сая таппадым,
Қаланы кезіп ақтадым.
Бүгінде желдің өтінде,
Базардың маңы баққаным.
Тесігін жамап қалтаның,
Ертеңге үміт артамын.
Жаратқан – Ием, пендеңнің
Тауыса көрме талқанын...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі