Ағалық базына

Бұл бетте «Ағалық базына» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Темірғали Көпбаевқа)

Кештеу айтып ханша-муза кесімін,
Тербетіп ем көңіл-күйдің бесігін.
Саған сенген жинағымды көргенде,
Таппай қалдым қара жердің тесігін.

Жарты жылдай жатқанымен баспада,
Жауапсыздау теріліпті таспаға.
Қателері жамыраған өлеңдер,
Бір-біріне мінгесіпті. Масқара!

Қу пенделік ашып алса аранын,
Тырнақ салар ауызына жараның.
Өлең-жырдың киесінен қорықпай,
Ақындыққа түкірдің бе, қарағым?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері