Періштенің аңсап құшағын

Бұл бетте «Періштенің аңсап құшағын» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Періштенің аңсап құшағын,
Жеті қат көкке ұшамын.
Пейішті тауып ғарыштан,
Хор қызын барып құшамын.

Қиялым ұшқыр қанатты,
Аспанда жұлдыз санатты.
Шолпанға көзім түскенде,
Бозарып аппақ таң атты.

Шығыстан күліп күн шықты,
Күнәһар сезім тұншықты.
Сорғалап түскен ғайыптан,
Қарашы мына қырсықты…

Опасыз уақыт тұзақ сап,
Сатқындық етті ұсақтап.
Оянып кетсем ұйқымнан,
Пендені жаттым құшақтап...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері