Қызыл жейде
Бұл бетте «Қызыл жейде» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызыл көйлек орнында қызыл жейде,
Қызыл жейде ішінде сұлу кеуде.
Жұдырықтай бұлтиған қос алманы,
Ұры көздер сұқтанып ішіп-жеуде.
Бауындағы кісінің пісіп тұрған,
Қызыл алма талайды қызықтырған.
Сәске түсте бағбанды әбіржітіп,
Күнді мына, қарашы, шыжып тұрған...
Ұясына тығылып күн батады,
Құптаннан соң ұрылар түн қатады.
Айсыз түнде аспаннан жұлдыз санап,
Таң атқанша көз ілмей кім жатады...
Арсыз ұйқы бағбанға болмай жолдас,
Аңдысқан жау ақыры алмай қоймас.
Көктен түскен пенделер арасына,
Емеспіз ғой періште жолдан таймас...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі