Үкілі үміт
Бұл бетте «Үкілі үміт» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызғалдақтай қызықтырған жат көзін,
Қиянаттан хабары жоқ пәк сезім.
Бал құрақтай – балғын сенің келбетің,
Еске салды өмірімнің шат кезін.
Қауызында үлбіреген мақтадай
Ақ пейілге дақ түсірмей сақтағай.
Ізгілікке зәру мына қоғамда,
Өмір жолы даңғыл емес, тақтадай.
Қыран емес, бұлаң мінез заманда,
Періште боп жүру қиын адамға.
Көптің қалқам, бірдей табу көңілін,
Оңай болмас, оңай болмас саған да.
Қайырмасы:
Дүрмегі көп өмірде,
Кірбің салмай көңілге,
Пәк сезімді сақтағын.
Айлы аспан, ақ түндей,
Гүлзардағы ақ гүлдей,
Үмітімді ақтағын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі