Тас дәуірде махаббат болды ма екен?
Бұл бетте «Тас дәуірде махаббат болды ма екен?» атты Ахат Кендебай жазған махаббат туралы өлең берілген.
Тас дәуірде махаббат болды ма екен,
Алақанға бақ құсы қонды ма екен?
Пәк сезімнің алғашқы іргетасы,
Тас үңгірде қаланып қойды ма екен?
Қос ғашыққа қара түн төнді ме екен,
Тас боратып екеуін көмді ме екен?
Тас құрсаудан болмашы сызат тауып,
Қыз жүрегі гүл болып өнді ме екен?
Жас серінің көз жасы тамды ма екен,
Гүл тамыры нәріне қанды ма екен?
Гүл сезімге елітіп сол шоқыға,
Өз ұясын қыран құс салды ма екен?
Жүрек емес, білекке сенді ме екен,
Сезім емес, түйсігі жеңді ме екен?
Жапырақпен жасырған абройын,
Жел көтеріп желікке ерді ме екен?
Ол кезде де қу есеп болды ма екен,
Азулысы айға қол созды ма екен?
Кәусар сезім тапталып аяқ асты,
Талай гүлдер мезгілсіз солды ма екен?..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі