Күпті жүрек

Бұл бетте «Күпті жүрек» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Оранып тәтті мұңды,
Тулайды сезім.
Сағынып сәтті күнді,
Жұқарды төзім.
Жолыңа қарай-қарай,
Талды ғой көзім.

Өзіңнен мен басқаны,
Сүймеймін қалқам.
Махаббат – мұң дастаны,
Азабын тартам.
Үкілі үмітімді,
Өзіңе артам.

Қайырмасы:
Күтемін шапағынан,
Атқан таңдардың.
Іздеймін қатарынан,
Қайтқан қаздардың.
Қырлар қайта көктеді,
Гүлдер жайқалып.
Сенен хабар жетпеді,
Маған ой салып.
Күпті жүрек соғады,
Қашан жай тауып?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері