Қақпатас

Бұл бетте «Қақпатас» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жебеп жүрген бабамның ақ батасын,
Сақтап маған жеткізген Қақпатасым.
Көкіректе қастерлі бойтұмар боп,
Атамекен, өмірлік сақталасың.

Бір барып басыңа,
Тәу етіп тасыңа.
Қайтуды армандап,
Жүремін асыға,
Киелі Қақпатасым!

Бөле-жармай перзенттің ақ-қарасын,
Саналыға шежіре ақтарасың.
Ата жұртқа сағынып бала боп кеп,
Дана болып ой кернеп аттанасың.

Бір барып басыңа,
Тәу етіп тасыңа.
Қайтуды армандап,
Келемін асыға,
Киелі Қақпатасым!

Арман қуса ұл-қызың шаттанасың,
Қыдыр дарып, ұлыңа бақ қарасын.
Қылау түскен көңілдің қатпарларын,
Желпіп жібер, ешқандай дақ қалмасын.

Бір барып басыңа,
Тәу етіп тасыңа.
Қайтуды армандап,
Жеттім ғой асыға,
Киелі Қақпатасым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері