Сыңарым
Бұл бетте «Сыңарым» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Махаббатты салып тағдыр тезіне,
Қол ұстасып түстік мұрат ізіне.
Ар-намыстың айнасын кір шалдырмай,
Тік қарадық ұстараның жүзіне.
Ұл өсірдік, қыз өсірдік саналы,
Көрген адам қызығумен қарады.
Жалын атқан жастық шақтың елесі,
Түс көргендей сағыныш боп барады.
Ашулансам сөз қайырмай сөзіме,
Күліп жеңдің ұпай қосып өзіңе.
Жабырқасам шуақ іздеп жаныма,
Сенен өзге көрінбеді көзіме.
Қайырмасы:
Өмірдегі сыңарым,
Жүректегі тұмарым.
Бәйтерекке бой түзеп,
Қатар өскен шынарым.
Ғұмыр бойы құшқанда,
Басыла ма құмарым?..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі