Наурыз

Бұл бетте «Наурыз» атты Ахат Кендебай жазған мерекеге арналған өлең берілген.

Ақ жауын аспаннан себелеп,
Жер беті жап-жасыл.
Керемет!
Ақ тілек қайнардай атылып,
Ұшады ақ үміт – көбелек.

Күн мен түн наурызда теңеліп,
Тіршілік жаңарар көгеріп.
Еккенің қамбаға түсетін,
Көктемнің әр күні теберік.

Аспаннан күн нұры төгіліп,
Қыстағы тоң кетті сөгіліп.
Беткейде қозы-лақ ойнақтап,
Құлындар шабады желігіп.

Қайырмасы:
Наурыз, көктем, жаңа жыл!
Жеріме береке,
Еліме мереке
Шаттығын ала кір.
Наурыз, көктем, жаңа жыл!
Жүректің қалауын,
Арманның алауын
Маздатып жаға кір.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері