Қайда екен, қайда сол сұлу?
Бұл бетте «Қайда екен, қайда сол сұлу?» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(дует)
– Ұйқысыз таңды атырып,
Жас кезде ойнап-күлгенбіз.
Қол жетпей мұңға батырып,
Қайда жүр сонда кеткен қыз?
– Ұшса құстар көліңнен,
Шықпағансың көңілден.
Қыз тәкаппар көктемде,
Ақ маралдай керілген.
– Ақ түскен кезде самайға,
Аңсаймын жастық шағымды.
Жүрсің бе осы маңайда,
Басқадан тауып бағыңды?
– Тамсандырып талайды,
Жүрек бірін қалайды.
Жаздың күні жарқырап,
Таңдар атты арайлы.
– Ілініп тағдыр қармаққа,
Мұратқа ізгі жеттің бе?
Іргеңді салып аулаққа,
Жыраққа қоныс тептің бе?
– Сары түсті жамалы,
Күз есікті қағады.
Бір кездегі сұлу қыз,
Немересін бағады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі