Шілдехана

Бұл бетте «Шілдехана» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғасырларға жалғайтын ғұмырыңды,
Мұрагерсіз жалғанның жыры мұңды.
Өмір мәнін түсінген саналыға,
Ұл мен қыздың бірінен бірі құнды.

Асыл мұрат сабақтап арманымды,
Алтын арқау жалғады тармағымды.
Еніп жүрген түсіме көптен бері,
Алтын балық қауыпты қармағымды.

Қайырмасы:
Шуақ шашып ай – күнім,
Төрт құбылам сай бүгін.
Көңілімнің төрінде,
Ойнақтайды тай-құлын.
Алтын сақа – айбыным,
Алтын қасық – айдыным.
Үкі таққан үмітке,
Шілдехана – той бүгін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері