Келіннің монологы
Бұл бетте «Келіннің монологы» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаулатып-ап жүрегімнің қамалын,
Желбіреттім гүл сезімнің жамалын.
Бір жігітке айырбастап кеттім-ау,
Өскен жерді қалмай басқа амалым.
Қанша ұзын болса дағы бұрымы,
Қыз дәуреннің қысқа екен ғұмыры.
Еркелікті төркінінде қалдырып,
Өзгереді екен келін қылығы.
Әлімсақтан салған жолын ананың,
Келешекке жалғап алып барамын.
Қонақ еткен туыстармен қоштасып,
Өз жұртымның енді шамын жағамын.
Қайырмасы:
Бақытты іздеп алыстан,
Тағдырым шығар табысқан.
Судай боп сіңіп кеткенше,
Үміт пен күдік жарысқан.
Алаулап таңым атады,
Қызарып күнім батады.
Тастай боп батып кеткенше,
Сұқ көздер сынап атады.
Еліме деген сағыныш,
Сарғайып іште жатады...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі