Өзің түсінші

Бұл бетте «Өзің түсінші» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ай нұрынан алқа таққандай,
Түнді түріп шуақ шашқандай,
Түске еніп езу тартқаның,
Үміт шамын қайта жаққандай.

Шолпан жұлдыз күліп батқандай,
Арайлап таң ерте атқандай,
Ақ бауыр бұлт құздың басына,
Жаулық әкеп жауып жатқандай...

Сыңғыр қағып бұлақ аққандай,
Құрақтары сыбырласқандай...
Ақ шағала қонып қолыма,
Көңіл хошын енді тапқандай.

Қайырмасы:
Асыл арманым,
Жүрек талғамын,
Әнге қосып саған арнадым.
Жорып түсімді,
Өзің түсінші,
Дертті еткен ғашықтығымды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері