Шәмшінің соңғы өтініші

Бұл бетте «Шәмшінің соңғы өтініші» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мұра болып дәстүрі сал-серінің,
Жалғастырдым қазақтың ән-шеруін.
Біраз уақыт саулығым сыр алдырып,
Күтіп қалды күйсандық – жан серігім.

Жалындаған сезімнің оты барда.
Әнге ғашық жүрегім қапы қалма!
Шашу шашып кетуге құштармын мен
Ұлылардың мекені – Отырарға.

Армандаған ел болып егеменді,
Қуанышым қоздырды делебемді.
Шабытымды шақырып,туған жерге
Бір ән жазып кетуім керек енді.

Қайырмасы:
Жүр, Сабырхан, Қызылқұмға
Серуен құрып, бой жазайық.
Сыр ақтарып сұлу Сырға.
Жүр, Сабырхан,барайықшы
Елге сәлем беру үшін,
Ұлан асыр той-думанның
Салтанатын көру үшін.
Жүр, Сабырхан,ауылыма
Жырға азық теру үшін,
Жүр, Сабырхан,барайықшы
Бір ән жазып келу үшін.

Қияметтік досым саған,
Бәлкім, соңғы өтінішім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері