Ақсукентім – арайлым
Бұл бетте «Ақсукентім – арайлым» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мекен еткен сансыз Бап,
Көненің көзі – Испиджаб.
Шығыстың сырбаз шаhары,
Өркендеп жатыр аршындап.
Ынтымақ болып тілегі,
Соғады елдің жүрегі.
Құшағын ашқан қонақжай,
Дәстүрдің берік тірегі.
Арманы асқақ, дарынды,
Жастары шоқтай – жалынды.
Жігерлі, бейбіт халқы бар,
Еңбегі жанған қарымды.
Тамылжап тұрған сән-көркі,
Шипалы ару – Манкенті.
Зәм-зәмнің суы Тассайда,
Сайрамның сұлу әр кенті.
Қайырмасы:
Мәртөбедей алаңы,
Көздің жауын алады.
Сайрамсуы сарқырап,
Ақсу толқып ағады.
Иранбақта саялы,
Бұлбұл әнін салады.
Күннен – күнге қойнауы,
Жәннат болып барады.
Ақсукентім – арайлым,
Хан тәжіндей бар айбын.
Гүлге тұнған көркіңе,
Тамсанумен қараймын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі