Реніш

Бұл бетте «Реніш» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

( С. Жансейітовке)

Бақ-дәулет қонса бір басқа,
Алдыңды торыр кіл қасқа.
Шымқала жері атаңнан,
Қалған ба еді мирасқа?

Телмірген халық далада,
Алдыңа жете ала ма?
Ашқарақтанған тобырдан,
Оларға сарқыт қала ма?

Алыпсың мықты оққағар,
Жақындап кетсең оқталар.
Апталап, айлап күткендер,
Күн сайын кері аттанар.

Жер сұрап жүрген халықтың,
Мұң - зарын естіп қанықтым.
Әкімнің тапсырмасымен,
Кіре алмай мен де тарықтым.

Болған соң биік мансабың,
Тесігі болмас қалтаның.
Жетпеген кезде созған қол,
Бүтінін мен де аңсадым.

Қағаз бен алып қаламды,
Зерттедім сенің салаңды.
Сын айтсам інім айыпқа,
Бұйыра көрме ағаңды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері