Көкем келеді

Бұл бетте «Көкем келеді» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Алпысбайша әзіл)

– Мырзалар мен ханымдар!
Тегіс құлақ салыңдар.
Ертеңнен бастап,
Барлығын тастап,
Кеңсені жабыңдар!
Қоқысты ысырып,
Жолдарды сыпырып,
Бар күшті салыңдар!
– Ағай, қар қалың ғой.
– Қар болса күреп,
Түрініп білек,
Мұздарын ойыңдар!
Бір апта отбасын,
Құдай сақтасын,
Ойлауды қойыңдар!
Үмітті ақтаңдар,
Үлгермей жатсаңдар,
Осында қоныңдар!
– Ағай, мереке емес пе?..
– Айттым бітті,
Ағаңмен егеспе!
– Ағай, Көпен келіпті...
– Ол – «найсап», несіне желікті?..
Көпенді қойшы,
Көкем!.. Көкем келеді!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері