Сайлауға ма?

Бұл бетте «Сайлауға ма?» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Сайлауға ма?..
Бара алмаймын, жарқыным!
– Азаматтық міндетті ғой жалпының,
Көрдіңіз ғой...
Жарнаманың қарқынын.
– Жарнама ма?..
Сайқалданған саясат!
Дәмеленбе,
Ісіп қалар алқымың.
– Сіз де, көке...
– Бізде жеке,
Сөзі үстем жалқының!
Шешіп қойған,
Қамын ойлап халқының.
Бірақ, бірақ...
Айналайын, інім-ау,
Не боларын
Айта алмаймын артының?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері