Тектілік теңгемен өлшенсе
Бұл бетте «Тектілік теңгемен өлшенсе» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өренің кеңдігі, тарлығы,
Жаратқан Иемнің жарлығы.
Өздерін данышпан санайды,
Ақылы келтенің барлығы.
Білмеген құндылық бағасын,
Күң қылып ұстайды анасын.
Тойынып күпірлік жасайды,
Ұмытқан пенделер тобасын.
Тек қана баю боп арманы,
Ашкөздің сұйылар талғамы,
Кейбіреу білмейді фәнидің,
Өлшеулі екенін талқаны.
Зердеге тоқылмай көргені,
Жаманның есепте бергені.
Тексізге түсірсе ісіңді,
Заманның ақыры төнгені.
Қызылды-жасылды түрленген,
Өмірге қонақпыз бір келген.
Фәни мен бақидың арасы,
Бөлініп қойылған бір деммен.
Өсиет еткендей атамыз,
Қыз алып, қыз беріп жатамыз.
Алжасып бес күндік жалғанда,
Несіне күнәға батамыз.
Рухани тектілік кісіге,
Берілген бағадай ісіне.
Түр-түсі, тұлғасы әрине,
Тәуелді ұрықтың күшіне.
Тіршілік бүгіліп белінен,
Ажырап қалмасын тегінен.
Тектілік теңгемен өлшенген,
Қоғамнан сол сәтте жерінем!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі