Түсінбей мені жан-жағым

Бұл бетте «Түсінбей мені жан-жағым» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түсінбей мені жан-жағым,
Түсінбей тіпті жан-жарым,
Аурасы үйдің ауырлап,
Шарасыз күйден шаршадым.

Жүруге бейім кердеңдеп,
Келінге ене көнген жоқ.
Отбасын ойран қылғанмен,
Бір-бірін әлі жеңген жоқ.

Кіретін үйге талтаңдап,
Кездерім қалды жаутаңдап.
Кеңседе жанды шақырам,
Қойғандай мені арқандап.

Түсінбей мені жан-жағым,
Түсінбей тіпті жан-жарым,
Еңсені езген зіл батпан,
Ойлардан қатты шаршадым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері