Мен сені ақтап алам
Бұл бетте «Мен сені ақтап алам» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Абақтыға күнәсіз тықпалаған,
Сен жатқанда оңай ма,
Тыста маған?
Қанша қиын болса да,
Өтінемін,
Тік көтеріп басыңды,
Ұста, балам!
Толғанынша жемсауы қарға – қоғам,
Қарқылдауын қоймаса,
Бар ма шарам?...
«Аққа құдай жақ» деген,
Бар тілерім,
Сабыр берсін, құлыным,
Алла саған!
Сен кеткенде көкорай көктем еді,
Жендет-тағдыр не үшін кектенеді?..
Ақтығыңды дәлелдеп қыс түскенше,
Босаттыра алмадым,
Сөкпе мені!
Қайрат беріп, қолдаса Һақ –Тағалам,
Жанарымды мен неге жасқа малам?!.
Қазылардың көздерін шел баспаса,
Заң жүзінде мен сені,
Ақтап алам!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі