Шайтанның монологы

Бұл бетте «Шайтанның монологы» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Маған оттан жаратылып,
Тақуалықта дара тұрып,
Адамға кеп сәжде қылу,
Жараса ма аласұрып?..

Күннен күнге өрістеген,
Дәрежем тең періштемен.
Тегі балшық Адамзатты,
Мойындауды теріс көрем.

Аллаһ оны қызық көріп,
Жан бітіріп, рух беріп,
Жер бетінің қожалығын,
Неге берді жиып-теріп?..

Дозақ күтсе іші жалын,
Жұмақ емес қызығарым.
Адам менен Хауа үшін,
Лағынетке ұшырадым.

Несіне оған қайғырамын,
Қияметте жаңғырамын.
Оған дейін ұрпақтарын,
Хақ жолынан тайдырамын.

Әкімдерін талтаңдатып,
Зиялысын жаутаңдатып,
Қояр болсам келмейді ме,
Ақырзаман алшаң басып?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері