Келінге бата

Бұл бетте «Келінге бата» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақмарал, келін, қарағым,
Құт болсын елге қадамың.
Көтеріп жаңа шаңырақ,
Уығын мықтап қадағын.

Тағдырын қосқан жұбайың,
Бақытты болсын шырағым.
Үнемі үйдің түтіні,
Түзу боп шықсын ылайым.

Өзіңді күткен сағына,
Гүл болып енші бағыма.
Бақытқа бөлер баламның,
Құс болып қоншы қолына.

Қайырмасы:

Терезең жұртпен тең болсын,
Өрісің байтақ кең болсын.
Құрақтай қаулап көгеріп,
Ұрпағың рулы ел болсын.
Жұбыңмен қоса ағарып,
Ғұмырың ұзақ мол болсын!
Ән қосып айтқан ақ батам,
Бақытқа бастар жол болсын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері