Әзәзіл «досқа»

Бұл бетте «Әзәзіл «досқа»» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көзге ілмей жан баласын,
Неге осы паңданасың?
Өткендер аз ба бізде,
Ала алмай оң бағасын?
Жүргендер аз ба бізде,
Жаза алмай жан жарасын?

Біреуге үйіп төксең –
Соныңды малданасың.
Біреуді күйікті етсең –
Қалайша қарғамасын...

Ізгіліктен ілік тауып,
Тірейсің жарға басын.
Нәпсіңе құрық салып,
Неге осы қоймағасың?

Қиянатты көріп тұрып,
Өтірік таңданасын.
Бәрін де біліп тұрып,
Қалайша алданасың?

P.S.Жүргендер құлдық ұрып,
Жолыңды таңдамасын.
Білдірмей тұзақ құрып,
Басыңды жалмамасын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері