Осы күніме шүкіршілік
Бұл бетте «Осы күніме шүкіршілік» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шүкір, шүкір Аллаға, сансыз шүкір,
Атадан мұсылман боп туғаныма.
Осы күнде он жеті жасқа келіп,
Құлшылықты Аллаға қылғаныма!
Шүкір, шүкір Аллаға, сансыз шүкір,
Жетім емес, ата-анам болғанына.
Анам да, әкем де мұсылман боп,
Солардың жалғыз ұлы болғаныма.
Шүкір, шүкір Аллаға, сансыз шүкір,
Алла елшісі және де сүйген құлы —
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі болғаныма!
Бес парыздың үшеуін Алла деп мен,
Екеуін орындаймын, бұйырса Алла!
Алға қойған мақсатым — көкке самғап,
Бабаларым жасай алмай кеткендерін,
Алаш жұрты сол үшін төккен терін,
Қалықтап Ұлы дала қыраны боп,
Елімді көк аспанға көтеремін!
Бұйыртса, салиқалы жар да алып,
Шаңырағын үйімнің кеңейтермін.
Салиқалы жар іздеп Самарқанды,
Асан қайғы секілді кез де мейлің.
Ауылдың қара торы, сұлу қызын
Қолдан алып, жаныма жар етемін.
Санын да, сапасын да бұл қазақтың
Осылайша мен дағы көбейтемін!
Ата-анамды апарып Қажылыққа,
Жаңақорған жерінен шыққан дүлдүл —
Әбдіхамит қажының жалғыз ұлы:
«Мына тұрған Аманжол деген ақын!» —
Деп, Алла өзі қаласа, мақтанады.
Кейде бақ, кейде бап шабады.
Осыменен аяқтайын мен жырымды,
Айтып салдым ішімде бар сырымды.
Біздікі сол — қарапайым пендешілік.
Тілегін қабылдай гөр, Жаратушым,
Қазақтың қара торы баласының!
Шығарылған күні: 06.01.2018 жыл.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі