Абылай хан
Бұл бетте «Абылай хан» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Абылай атам хан болған,
Хандыққа дәл таңдалған.
Адастырмай қазағын,
Алып шыққан сан жолдан.
Болған елге сыйлы адам,
Батырларды жинаған.
Күнде аттанып жорыққа,
Жау қалмаған тимаған.
Көз ашпаған соғыстан,
Жебелері көп ұшқан.
Бар қазақтың арманы,
Бір арнада тоғысқан.
Бір күн тыныш жатпаған,
Бір сәт тыным таппаған.
Бұкіл қазақ даласын,
Жаудан аман сақтаған...
Ол басқарған жерінде,
Ыққан көкжал бөрің де.
Тұру керек Абылай,
Әр қазақтың төрінде.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі