Қабанбай батыр

Бұл бетте «Қабанбай батыр» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған ерлік туралы өлең берілген.

Қару түспей қолдан,
Аяздарда тоңған.
Абылайдың Қабанбай,
Бас батыры болған.
Қубас атын мініп,
Жорықтарда жүріп,
Ұрыстарда жеңген,
Жаудың бетін тіліп.
Жауына ол қатал жан,
Абылайдан бата алған.
Батырлардың басы боп,
Дарабоз деп ат алған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері