Төле би

Бұл бетте «Төле би» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Заманда анау көне,
Би болыпты Төле.
Бастағандар келді оған,
Үміттері сөне.
Сұлтан барып, хан барып,
Жүрген елге сандалып.
Билік айтты би атам,
Қара қылды қақ жарып.
Жазығы жоқ сан жан,
Аман қалған дардан.
«Тура биде туған жоқ!»,
Деген содан қалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері