Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алыптардың қатарын,
Толықтырған Шәкәрім.
Көріп пе едің кеудесін,
Жауып тұрған сақалын.
Бекер аты шыға ма,
Сөзін де оның ұқ ана!
Ұлы Абайдың шәкірті,
Асып туған ғұлама.
Еңбегі бар сан ізгі,
Оған қазақ қарыз-ды.
Аралаған сапарлап,
Меккені де, Парижды.
Сөйтіп жер де, ел көрген,
Қысылғанға дем берген.
Араб, парсы, түріктің...,
Тілін түгел меңгерген.
Шығарыпты әнді де,
Өмірі ұзақ әңгіме.
Хиссалары тіпті көп,
Аты қалды мәңгіге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері