Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Міржақып Дулатұлы» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Міржақыптың Дулаты,
Қазаққа оның шулы аты.
Қой бастаған серке еді,
Жанып тұрған өрт еді.
Атырам деп таңды,
Жалын болып жанды.
Бойын кернеп кегі,
«Оян, Қазақ!» деді.
Сөйтіп, бабам текті,
Бізді оятып кетті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері