Мұхтар Әуезов

Бұл бетте «Мұхтар Әуезов» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болғанменен құштар,
Ешкім де жоқ ұқсар.
Қазақ қара сөзінің,
Хас шебері Мұхтар.
Таниды алып алыпты,
Өміріне қанықты.
Ұлы Абайды әлемге,
Ұлы Мұхтар танытты.
Білімдері көлдей,
Тұра алмайсың төнбей.
Екеуін тең атаймыз,
Бір-бірінен бөлмей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері