Нұрсұлтан да бір кезде бала болған

Бұл бетте «Нұрсұлтан да бір кезде бала болған» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған бала туралы өлең берілген.

Келе жатқан жаңылмай дана жолдан,
Нұрсұлтан да бір кезде бала болған.
Мына аяқпен доп тепкен зыр жүгіріп,
Таяқ түспей қой баққан ана қолдан.
Жұққан бойға кеңдігі даласының,
Кейін білді қайнаған қала сырын.
Әкесінің беретін атын әкеп,
Суын тасып беретін анасының.
Жолда қалған жері жоқ бір ісінің,
Еліне арнап келеді күні-түнін.
Қарындасын жетектеп тәй-тәйлаған,
Ақ бесігін тербеткен інісінің.
Туған жері Үшқоңыр–жасыл аймақ,
Тау өзені жатады тасып айлап.
Сабағын да үнемі «5»-ке оқыған,
Достарымен алысқан асық ойнап...
Біраз болды оны әлем танығалы,
Келе жатыр жасындай жанып әлі.
Бетін ашып оқыса «Әліппенің»,
Бала күнін Ол-дағы сағынады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері