Әй, көңілім — патшасың-ау, патшасың
Бұл бетте «Әй, көңілім — патшасың-ау, патшасың» атты Санжар Ғұлама жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әй, көңілім — патшасың-ау, патшасың,
Армандайсың біреудің бау — бақшасын.
Тілегіңді орындаймын деп күнім,
Көбеюде ақ шашым.
Әй, көңілім — патшасың-ау, патшасың,
Еркіме де бұрсаңшы енді ат басын.
Ерке құсым еншімдегі, сені деп,
Көзден жасым ақпасын!
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Тарс беркітіп алшы жүрек қақпасын.
Сәл нәрсені қатты алып өзіңе,
Қайғы жанға батпасын.
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Аспанымды, мейлі, бұлттар қаптасын.
Не күн туса басыма, бұл жалғанда,
Болшы дәйім жақтасым.
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Сен арқылы мені жұрттар мақтасын.
Кесіріңнен кейбіреулер, кербезім,
Удың дәмін татпасын.
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Ешкім сенен ерсі қылық таппасын.
Арам ойға жетелесең, шоқ басып,
Пәлесінен сақ басым!
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Өн — бойыңды тек сұлулық қаптасын.
Сұлу көрсең, кете берме елігіп,
Мейлі, жақсын, жақпасын!
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Намысымды, мейлі, менің таптасын.
Тек өзіңді таптатпаймын деп, күнім,
Шарқ ұруда жас басым.
Әй, көңілім — патшасың — ау, патшасың,
Жаман ойлар қойнауыңда жатпасын.
Жетегіңе еріп, жемтік болудан,
Құдай өзі сақтасын!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі