Желіге шығып желпектеп

Бұл бетте «Желіге шығып желпектеп» атты Санжар Ғұлама жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Желіге шығып желпектеп,
Жұлдыз болудың амалы.

Жылы сөзім де өтірік,
Жай көңіл үшін айтылған.
Жалғаным шыға береді,
Алсаңыз дағы қай қырдан.

Өмірде, расы, қорқақпын,
Айтпасқа тағы амал жоқ.
Батыр боп жүрмін, артымда
Тұрған соң Сіздер қамал боп.

Дін Ислам, дедім, діңгегім
Айтыппын уағыз имамдай.
Құдайдан қалай жасырам,
Әлсіреп тұрған иманды — ай!

"Жалғанды Шындай, Шынды Жын
Ұрғандай" етіп айтамын.
Не әдет екен, мұндайда,
Кетеді қозып шайтаным.

Жалғанда жалған өмір — ай,
Пендеден қулық артылмас.
Шындықты айтар кез келсе,
Шабытым менің сарқылмас.

Бәрі де жалған, Алла — рас!
Күндерім — өмір парағы.
Жалғанды жалғап жалғанға,
Өмір — ай өтіп барады!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері