Нәпсіңмен күрес!

Бұл бетте «Нәпсіңмен күрес!» атты Санжар Ғұлама жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шығады есің, Кіреді бір ес,
Ақылға бойың бағынбай жүр еш.
Кеудеңнен шықпай тұрғанда жаның,
Нәпсіңмен күрес,
Нәпсіңмен күрес!
Алдыңда талай тұрады белес,
Бұл өмір – өзен,
Бір ағын.
Елес.
Кеш болмай тұрып,
Құлшылық жаса,
Қара жер мәңгі тұрағың емес.
Адамдық жолға қосатын үлес,
Ұлылар керуен-көшіне ілес.
Өмірің қор боп өтпесін десең,
Нәпсіңмен күрес,
Нәпсіңмен күрес!
Жаныңа бекер жинама құр өш,
Бұл өмір – тартыс,
Һәм теке тірес.
Шайтанға әскер болғың келмесе,
Нәпсіңмен күрес,
Нәпсіңмен күрес!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері