Сен ұнатпады екен, деп…

Бұл бетте «Сен ұнатпады екен, деп…» атты Санжар Ғұлама жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен ұнатпады екен, деп
Дәрменім құрып жүрген жоқ.
Салған жоқ жара жаныма,
Алған жоқ, сірә, іргемді от.
Сен болсаң жүрсің
Сырт көзге
Әйтеуір, өмір сүрген боп.
Ұмыттым бәрін
Ұмыттым,
Өмірден талай сыр ұқтым.
Өзгеге байлап өзімді
Осыған дейін құр бекер
Жолымды байлап жүріппін.
Сүймеген жанға сүйкеліп,
Сүйкімсіз өмір сүріппін.
Бәрі де,
Бәрі жалған… жоқ…
Есімде дымда қалған жоқ,
Қымбаттым болып келген ең
Кетіп барасың арзан боп.
Шағылған, сірә, тауым жоқ,
Айтарға не бір дауым жоқ.
Төбемнен өттің —
Жәй ғана
Төпелеп жауған жауын боп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері