Сені сүймеуім керек еді
Бұл бетте «Сені сүймеуім керек еді» атты Санжар Ғұлама жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені сүймеуім керек еді,
Жаныма ауыр мұң артып.
Не таптым екен,
Өзіңдей,
Қайырсыз жанға құмартып.
Сені сүймеуім керек еді,
Жарға да жығып басымды.
Қарадай қалып көңілім,
Жүрегім бүгін ашынды.
Аһ ұрдым, айнам,
Амал не?!
Еселеп іштім уыңды.
Өзіңдей жаннан жерініп,
Көңілім әбден суынды.
Жалғызың едім,
Бір демде,
Жалмауыз біреу болыпын.
Бағымды іздеп жүргенде,
Сорыма қалай жолықтым?!
Байқадым бүгін,
Өзіңнен,
Қайыр жоқ екен,
Қайыр жоқ.
Күйге де түстім күйгелек,
Өлең де жаздым шайыр боп.
Бес күнде таңдау,
Талғам көп,
Ешкімге сенім қалған жоқ.
Әуелі сүйер,
Артынша,
Сезімі шығар жалған боп.
Көңілден қаяу кетсінші,
Бәрі де жалған,
Өткінші.
Осынау жазған өлеңім,
Өзіңе хат боп жетсінші.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі