Жеті күн

Бұл бетте «Жеті күн» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дүйсенбіде дүйім ел.
Аттанады жұмысқа.
Сейсенбіде сенім бар,
Оқу оқып тырысса.
Сәрсенбіміз сәтті күн,
Сәлем берем көпке мен.
Бейсенбіде «бес» алып,
Жеңістерге жеткен ем.
Жұма күні жүйрікті,
Иман үшін баптаймыз.
Ал сенбіде сергек боп,
Тапсырманы жаттаймыз.
Жексенбіде жеміс көп,
Ойынға да барамыз.
Үй жұмысын тындырып,
Алғыс, бата аламыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері