Ақ боран
Бұл бетте «Ақ боран» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ боран-ау, ақ боран,
Тереземді қағасың.
Теңіз болып толқындап,
Дәрия боп ағасың.
Шынықтырып жатырсың,
Қорқытам деп мені әр күн.
Ағаш ексем жаз шыға,
Жуасырсың сен бәлкім.
Соқсаң тағы соға бер,
Мен қырандай самғаймын.
Жігерім бар, күшім бар,
Талықпаймын, талмаймын!
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Мархабат Байғұт
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі