Түйе

Бұл бетте «Түйе» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойсыл Қара тұқымы,
Айыр өркеш атаным.
Жалпақ екен табаның,
Қалың екен «шапаның».
Ауыр-ауыр жүк артсам,
Пілдей маң-маң басасың.
Өзендерді кешесің,
Асуларды асасың.
Қайыспайтын төзімді,
Маған үлгі ерлігің.
Қара нар боп халыққа,
Арқалаймын ел жүгін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері