Жылқы

Бұл бетте «Жылқы» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қамбар ата өсірген,
Өрге салса көсілген.
Жел тұяқты пырағы,
Алтын екен тұяғы.
Ауыздығын шайнайды ,
Айға шауып ойнайды.
Көмбелерге жетеді,
Бәйге алып кетеді.
Дәл осындай мен, елім,
Тұлпар болсам деп едім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері